Қазақстан мен Беларус шахта техниткасы өндірісі бойынша бірлескне кәсіпорын құра алады

None
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ. Желтоқсанның 19-ы. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Қазақстан мен Беларус шахта техникасы өндірісі бойынша бірлескен кәсіпорын құра алады. Бұл туралы Индустрия және сауда министрі Әсет Исекешев желтоқсанның 19-ында Орал қаласында өткен экономиканы жаңарту жөніндегі мемлекеттік комиссияның үшінші көшпелі отырысының барысында айтты.

«Алда ірі тау-кен кеніштерін пайдалануды жүзеге асыруға байланысты бірқатар жобалар қаралуда. Соңғы жобаны Беларус ұсынды - бұл шахта техникасын шығаратын «Қазақмыс» және «БелАЗ» бірлескен кәсіпорнын құру, - деді Ә.Исекешев. - Бұл - өте тиімді бағыт».