Беларусь өңірі мен Қазақстан арасындағы сауда көлемі биылғы жеті айда 58,3 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 18,6% -ға өсті. Облыста Қазақстанның капиталы бар жеті кәсіпорын тіркелген.
Губернатордың айтуынша, қазіргі уақытта екі ел арасындағы аймақаралық қатынастар қарқынды дамып келеді. Брест облысы Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарымен ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы келісімдер бекіткен. Өткен жылы Атырау облысының іскер топтарының делегациясы Брестке сапарлаған.
Ермұхамет Ертісбаев Беларусь елінің әрбір өңірінің дерлік Қазақстанмен тығыз байланыста екенін атап өтті. Дипломат мемлекет басшыларының екі ел арасындағы тауар айналымын 1 миллиард долларға жеткізу туралы тапсырмасын еске салды.
«Өткен жылы арадағы тауар айналымы 690 млн доллар болды. Мұның өзі үлкен көрсеткіш және жылдың соңына қарай тағы ұлғаяды деп үміттенемін», - деді ол.
Елшінің пікірінше, сыртқы сауда айналымын ұлғайту үшін ең алдымен транзиттік тасымалдарды, Қазақстан, Ресей, Беларусь арқылы Батыс Еуропаға баратын Қытай өнімдерін тасымалдауды арттыру керек. Тағы бір перспективалы бағыт - бірлескен белоруссиялық-қазақстандық кәсіпорындар құру. Дипломаттың айтуынша, Қазақстанда Белорусь машина өнімдерін - МАЗ, БелАЗ, шахталық, карьерлік және басқа да техниканы құрастыруды ұйымдастыру бойынша нақты жоспарлар әзірленген.
Қараша айында Беларусь-Қазақстан үкіметаралық комиссиясының 14-ші отырысында сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланады. Бұл кездесу қазақстандық тараптың өтінішімен қыркүйектен қарашаға ауыстырылды. Жоспарға сәйкес, үкіметаралық комиссия Брестте кездеседі.