Бұл туралы бүгін Ақордада елімізге ресми сапармен келген Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен өткізілген баспасөз мәлімдемесінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
Қазақстан мен Беларусь арасындағы көлік-логистика салаларындағы қарым-қатынастар қарқынды жүргізіліп отырғандығын атап өткен Елбасы: «Қазақстан мен Беларусьтың Еуразиялық интеграциялық үдеріс аясындағы өзара іс-қимылы қарқынды және келісімде түрде жүріп жатыр. Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікте таяу болашақта Еуразия экономикалық одағының құрылуы біздің елдеріміздің экономикалық кооперациясын одан әрі тығыз байланыстыратын болады»,- деді.