Хаттама 2013 жылғы 25 сәуірде Минскте жасалды. ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Жеңіс Қасымбектің тілшілерге берген сұхбатында аталған құжат Қазақстан мен Беларусь арасында жүк тасымалдары үшін автокөлік құралдарынына рұқсатсыз жол жүруді, сондай-ақ қос мемлекеттің аумағы бойынша транзит шараларын бекітуге бағытталғаны айтылды.
Заң жобасы қабылданған жағдайда отандық тасымалдаушылар Еуропаға Беларусь аумағы арқылы еш кедергісіз тасымалды жүзеге асыра алады.
«Бұл ең дұрыс үдерістердің болып табылады, себебі КО мен БЭК аясында интеграция жүріп жатыр», - деді Ж. Қасымбек.
Оның сөзіне қарағанда, Хаттама талаптарын қолдану өз кезегінде Қазақстанның көліктік-транзиттік дамуына оң ықпал етеді.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Беларусь халықаралық автомобиль тасымалдау саласында Қазақстан үшін аса маңызды. Еуропаға өтетін транзиттің 75 пайызы Беларусь аумағы арқылы жасалады. Сонымен қатар, Қазақстан мен Беларусь арасындағы тасымалдардың ұдайы өсіп келе жатқанын ескерсек, бұл заң жобасының маңызы зор.