«Қазақстан мен Болгарияны дәстүрлi достық қарым-қатынас байланыстырып отыр. Елдерiмiздiң арасында берiк құқықтық шарттар базасы жасалған, үкiметаралық байланыстар орнатылған, парламентаралық ынтымақтастық белсендi дамып келеді. Бiздiң осы саяси диалогымыз экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық арқылы беки түсуде»,-деді Президент.
Елбасы Қазақстандағы болгар қауымы туралы да сөз қозғады.
«Қазақстанда мыңдаған болгардың тұрып жатқаны белгiлi. Алайда, Қазақстан мен Болгарияның арасындағы өзара сауда көлемi әлi көңiлден шықпайды, сондықтан бұл мәселенi бiрге шешеміз деп сенемiн», - деді Мемлекет басшысы.