Қазақстан мен БҰҰ арасында БҰҰ паспорттарының иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойылды
13:11, 17 Қыркүйек 2010
АСТАНА. Қыркүйектің 17-cі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін Астанада ҚР Үкіметі мен БҰҰ арасындағы БҰҰ паспорттарының (Laissez-Passer) иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойылды.
Келісімге ҚР СІМ Жауапты хатшысы Рәпіл Жошыбаев пен ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы Өкілі Ханаа Сингер ханым қол қойды.
Қ ұжаттың ресми атауы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен БҰҰ арасындағы БҰҰ паспорттарының (Laissez-Passer) иелерін визалық талаптардан босату туралы» келісім деп аталады. Жалпы, визалық талаптардан босату жөніндегі келісім жасасу БҰҰ-мен өзара қарым-қатынастарды одан әрі дамытудағы кезекті қадам болып саналады. Бұл ретте, Қазақстан БҰҰ-ның адамзаттың өмірлік проблемаларын шешудегі жетекші рөлін түйсіне отырып, БҰҰ-мен ынтымақтастық мәселесіне үлкен мән беретін болады.