Қазақстан мен БҰҰ ынтымақтастығының келешегі талқыланды

АСТАНА. 16 наурыз. ҚазАқпарат. Бүгін Астанада ҚР Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі, Орталық Азиядағы превентивті дипломатия жөніндегі БҰҰ Аймақтық Орталығының басшысы Мирослава Енчаны қабылдады,

деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Орталық Азиядағы су-энергетикалық ресурстарды басқару, заңсыз көші-қон, есірткі трафигі және трансшекаралық қылмыс, экстремизм мен терроризмге қарсы күресті қамтитын ынтымақтастық мәселелерінің кең ауқымы, сондай-ақ ауған проблематикасымен қоса, аймақтағы ахуал талқыланды.

Ауған мәселесін қозғай отырып, Қ. Саудабаев терроризм, заңсыз есірткі трафигі мен діни экстремизмге тегеурінді қарсы күрсеудің көкейкестілігіне тоқтала отырып, Астананың аталмыш елді әлеуметтік-экономикалық жандануына жан-жақты көмек беруді одан әрі жалғастыру ниетін қуаттады.

Қырғызстандағы ағымдағы жағдайды әңгіме ете отырып, қазақстандық сыртқы саяси ведомствоның басшысы, біздің Елбасымыздың бастамасы бойынша достас елге мемлекетаралық көмек көрсету жөніндегі бағдарлама әзірленіп жатырғандығын мәлімдеді.

Көпжақты форматтағы өзара әрекеттестікті қозғай отырып, Қ. Саудабаев Қазақстан ШЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы ретінде осыншама ықпалды аймақтық ұйымның БҰҰ-ның құрылымдық бөлімшелерімен арадағы өзара әрекеттестікті одан әрі нығайтуға қолдау көрсететіндігін атап өтті.