ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркельдің айтуынша, Қазақстан мен Чехия арасындағы аталмыш келісім ағымдағы 2013 жылдың 6 маусымында жасалған. Келісімге сәйкес, қылмыстық істердің жасалғаны туралы айғақтар жинауда, қылмыстарға қатысты соттық қарауларды қоса алғанда тараптар бір біріне өзара құқықтық көмектер көрсететін болады. «Келісім бойынша тараптардың құзырлы органдары құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салу жолданған кезде сұрау салушы Тараптардың юрисдикциясына жатқызылған қылмыстарға қатысты көмектер өзара көрсетіледі», - деді Иоган Меркель.
11:12, 30 Қазан 2013
Қазақстан мен Чехия қылмыстық істер бойынша өзара көмектерді жүзеге асыратын болады
АСТАНА. 30 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан мен Чехия арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.