ҚР Көлік министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, құжат пилотсыз көлік технологиялары мен цифрлық шешімдерді көлік саласына енгізу бойынша ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа негіз қалайды.
Қазақстан халықаралық көлік дәліздерін дамытып, тасымал тиімділігін арттыру және елдің транзиттік әлеуетін толық пайдалану үшін заманауи технологияларды енгізіп келеді.
-Биыл Қазақстан мен Ресей «Астана – Мәскеу» бағыты бойынша пилотсыз жүк көліктерінің пилоттық жүрісін жүзеге асырды. Ендігі қадамдардың бірі – Қытаймен бірлесіп, халықаралық көлік дәліздерінің жекелеген учаскелерінде осындай жобаны іске қосу мүмкіндігін қарастыру,-делінген хабарламада.
Бұл Қазақстан мен Қытай арасындағы халықаралық автомобиль қатынасын дамытуға және көлік байланысын нығайтуға ықпал етпек.
Осыған дейін Қазақстанның авиациялық оқиғаларды тергеу саласында ИКАО тәжірибесін енгізетіні туралы жаздық.