Қазақстан мен Эстония арасында инвестицияларды өзара қолдау мен қорғау туралы келісімге қол қойылды

None
ТАЛЛИНН. 20 сәуір. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Бүгін Кадриорг сарайында өткізілген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Эстония президенті Томас Ильвестің келіссөздерінің нәтижесінде Қазақстан Республикасы мен Эстония Республикасы Үкіметтерінің арасында инвестицияларды өзара қолдау мен қорғау туралы келісімге қол қойылды.

Қазақстандық тараптан Келісімге Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов, эстондық тараптан Экономика және коммуникациялар министрі Юхан Партс қол қойды.

Келісім Қазақстан Республикасы мен Эстония Республикасы арасындағы өзара тиімді сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін өзара тиімді капитал құюды жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында жасалып отыр.