Қазақстан мен Эстония Президенттері студент алмасу туралы уағдаласты
17:01, 20 Сәуір 2011
ТАЛЛИНН. 20 сәуір. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Қазақстан мен Эстония Президенттері студент алмасу туралы уағдаласты. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Эстония Президенті Томас Ильвеспен болған кездесуден кейін Кадриорг сарайында өткен баспасөз мәслихаты барысында мәлім етті.
«Біз жоғары технологиялар саласында, әсіресе Эстониядағы «электронды үкіметтің» дамуы , ай-ти технология мен студенттер алмасу жөніндегі оқыту бағдарламасы саласында тәжірибе алмасуға мүдделілік білдіреміз», - деді Н.Назарбаев.
Елбасының хабарлағанындай, Т. Ильвеспен болған кездесу барысында уағдаластыққа қол жеткізілді, енді үкіметаралық комиссия аталмыш уағдаластыққа сәйкес осы бағытта жұмыс істейтін болады.