Сыртқы саясат ведомстволарының басшылары 2010 жылдың қорытындыларын талқылай келе, Қазақстан мен Еуроодақтың арасындағы ынтымақтастықтың жаңа сапалық деңгейге көтерілгенін атап өтті. Олардың айтуынша, мұның бәрі біздің еліміздің ЕҚЫҰ-ға сәтті төрағалығы мен Астана саммиті нәтижесінің, сондай-ақ экономикалық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың қол жеткізіліп отырған сапасының арқасында мүмкін болып отыр.
Қ.Саудабаев өз сөзінде, Қазақстан мен Еуроодақтың тауар айналымы қалған төрт орталықазиялық мемлекет пен Кавказ өңірінің үш елі - Әзірбайжан, Грузия және Арменияның жалпы тауар айналымынан асып түсіп отырғанын жеткізді.
Сондай-ақ дипломаттар ЕҚЫҰ аясындағы жұмыстарын әрі қарай жалғастыруға әзір екендіктерін қуаттады.