Кездесу барысында тараптар соңғы жылы 23,7 млрд АҚШ долларын құраған Қазақстан мен ЕуроОдақ арасындағы екі жақты тауар айналымының қарқынды өсуін, институттармен және ЕО-ға мүше елдермен өзара іс-қимылдың 29 перспективалық саласын қамтитын кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың маңыздылығын айтты, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен перспективалық бағыттарын талқылады.
Қазақстан елшісі Еуропалық комиссарды ұлттық экономиканы, ауыл шаруашылығын және елдің азық-түлік қауіпсіздігін дамытудың негізгі мақсаттары туралы, сондай-ақ Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге ұмтылысы туралы хабардар етті, бұл ҚР мен ЕО арасындағы сауда-экономикалық өзара іс-қимылды дамыту үшін қосымша мүмкіндіктер жасайды. Сұхбаттасушылардың ерекше назары қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін ЕО-ға экспорттау мәселелеріне арналды.
Өз кезегінде, еурокомиссар Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың маңызды бағыты саналатын ауыл шаруашылығы саласындағы сындарлы ынтымақтастықтың жалғасатынына сенім білдірді.
Авторы Арнұр Рахымбеков