Қазақстан мен Еуропалық инвестициялық банк стратегиялық ынтымақтастық орнатпақ

ССЕЛЬ. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ - Қазақстанның Бельгиядағы, Люксембургтегі Елшісі, Қазақстан Республикасының Еуроодақ және НАТО жанындағы миссияларының басшысы Ерік Өтембаев Брюссельде Еуропалық инвестициялық банктің президенті Филипп Майштадтпен кездесті,

деп    хабарлайды Қазақстанның Брюссельдегі  елшілігі.

 Тараптар    Еуропалық  банктің       Қазақстанға инвестиция салуға    Еуроодақтан  алған арнайы  мандатын   ескере  отырып,   екіжақты ынтымақтастықтың    келешегін талқылады.  Бұл   - Қазақстан пен  Еуропалық инвестициялық  банктің  арасында     ұзақмерзімдік   қарым-қатынастарды   дамытуға   жасалған  алғашқы қадам.       Аталмыш мандат  банкке  Орталық  Азия елдеріне  1 миллиард еуро қаржы  инвестициялауға мүмкіндік береді.  Бүгінде    Еуропалық инвестициялық банк жаһандық дағдарыстан   зардап шеккен Еуроодақ  экономикасын     қалпына келтірудің  басты тетіктерінің бірі  болып отыр.

 Қазақстандық   дипломат,   Еуропалық инвестициялық банкпен  ынтымақтастықты ҚР Үкіметінің      Қазақстанның  жаңа инвестициялық  саясатының      негізгі   бөлігі  ретінде  қарастырып отырғанын атап  көрсетті.

 Ф.Майштадт  өз  кезегінде,   Қазақстанның   ең  тартымды  инвестициялық  серіктес  ретінде  қарастырылып отырғанын   жеткізді.