Ресми мәліметке сәйкес, өткен жылы екі жақты сауда-саттықтың көлемі 24,1 млрд. АҚШ долларын құрады. Соның ішінде 18,4 млрд. экспорт болса, 5,7 млрд. доллар - импорт. Аталған көрсеткіш Қазақстанның жалпы сыртқы саудасының 50 пайызын алып отыр. Дегенмен, 2015 жылы Қазақстан мен Еуропаның тауар айналымы 31,3 млрд. доллар (24 млрд. - экпорт, 6,9 млрд. - импорт) болған. Ал 2014 жылы өзара алыс-берістің көлемі 53 млрд. долларға (44,4 млрд. - экспорт, 8,6 млрд. - импорт) дейін жеткен болатын. «Тауар айналымының төмендеуіне мұнай мен металл бағаларының күрт арзандауы ықпал етті», - делінген Сыртқы істер министрлігінің ресми xабарламасында.
Айта кетейік, бүгінде Қазақстан Еуропа елдеріне мұнай-газ, металл мен ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдаса, ол жақтан көліктер, құрал-жабдықтар мен сан алуан теxникалар жеткізіледі.