Қазақстан мен Финляндия басшылары ынтымақтастықтың даму перспективаларын талқылады

Фото: Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндия Президенті Александр Стуббпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Финляндия тарапының бастамасымен өткен әңгімелесу барысында президенттер екіжақты ынтымақтастықтың даму перспективаларын талқылады.

Сондай-ақ мемлекеттер басшылары өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Стуббты және Финляндия халқын алдағы Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Еске салсақ, кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының астанасында өтіп жатқан One Water саммитінің ашылу салтанатында сөз сөйледі.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Рияд қаласында өткен One Water саммиті аясында Франция Президенті Эмманюэль Макронмен кездесті.