Қазақстан мен Франция арасында өзара құқықтық көмек туралы шарт ратификацияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.