Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекеттер басшылары ортақ қызығушылық тудырып отырған түрлі салалардағы өзара ықпалдастық аясын кеңейту жайттарын талқылады.
Сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ Қазақстан Президентінің Францияға сапары аясында қол жеткізілген келісімдердің іске асырылу барысына да баса назар аударылды.
Бұған қоса, екі елдің көшбасшылары халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.