«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Альстом» компаниясы арасында Қазақстан аумағында жол бұрушы электр қозғалтқышын жасайтын бірлескен кәсіпорын құру туралы құжатқа қол қойылды.
Сонымен қатар, «Қазатомөнеркәсібі» ҰАК» АҚ мен Францияның геологиялық және тау зерттеулері бюросы арасында сирек кездесетін металдар бойынша бірлескен зертхана құру жобасы туралы келісімге қол қойылды.