Қазақстан мен Франция теміржол саласын цифрландыру туралы мәміле жасады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Францияның экономика және қаржы министрі Брюно Ле Мэрдің Қазақстанға сапары аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Alstom» компаниясы меморандум бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құжатқа «ҚТЖ» ҰК» АҚ төрағасының біріншіорынбасары Қанат Әлмағамбетов пен «Alstom» компаниясы Таяу Шығыс, Африка жәнеОрталық Азия аймағының аға вице-президенті Дидье Пфлегер қол қойды.

Қос тарап теміржол дабылы, бұғаттау жәнеорталықтандыру цифрлық технологияларын дамыту саласында ынтымақтастық орнатуғаниетті.

«Alstom» мен ҚТЖ арасындағы меморандумның негізгімақсаты – теміржол көлігіндегі цифрландыру мен автоматтандыру процестеріндегіынтымақтастық болып отыр. Ондағы ең алғашқы қадам – ірі станциялардыавтоматтандыру немесе дабыл жүйесін орнату болмақ. Әрі қарай теміржолкөліктеріндегі цифрландыру бойынша жұмыс істейміз. Өздеріңіз білесіздер, біздіңкомпанияның бірнеше жобасы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасынаенген», - деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Батыр Котырев астанадағы «Электровозқұрастыру зауытында» тілшілерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, қазіргі теміржол құрылғылары 35-40жылдан бері қолданылып келеді.

«Әрине, олар қозғалыс қауіпсіздігі талаптарынасай. Бірақ, бүкіл әлем үздіксіз дамып келеді, заманауи жүйелер пайда болды.Соңғы бірнеше жылда 2,5 мың шақырым жаңа теміржол салдық, онда цифрлық теміржолталаптарына сай заманауи жүйелер қолданылады. Қазір біз «Alstom» компаниясыныңдабыл қағу жүйесін қолдану мүмкіндігін қарастырып отырмыз», - деді ол.

Айта кетейік, Францияның экономика және қаржыминистрі Брюно Ле Мэр елордаға ресми сапармен келді.

Бүгін франциялық министр ҚР ПрезидентіҚасым-Жомарт Тоқаевпен, ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминмен және ҚРПремьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбекпен кездеседі.