Қазақстан мен Франция арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы құжат қаралады
АСТАНА. KAZINFORM – Парламент Мәжілісі «Қазақстан Үкіметі мен Франция Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қарайды.
Аталған келісімге 2024 жылы қараша айында Париж қаласында қол қойылды.
- Бұл заң жобасы Қазақстан мен Франция аумақтарындағы заң талаптарын бұзған жағдайда адамдарды қабылдау және транзиттеу мәселелері бойынша екіжақты ынтымақтастық үшін құқықтық негіз құру мақсатында әзірленді. Келісімді ратификациялау екі елдің құзыретті органдарының осы саладағы ынтымақтастығының қолайлы жағдайларын қатамамасыз етеді және заңсыз көші-қонға қарсы күрестің тиімділігін арттырады. Келісім Қазақстанның халықаралық шарттары туралы заңына сәйкес ратификациялауға жатады, - деді Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов.
Осы орайда ол Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті аталған заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге дайын екенін айтты.
Еске салсақ, былтыр Президент Қазақстан мен Эстония Үкіметі арасындағы адамдардың реадмиссиясына қатысты заңға қол қойды.