«Тараптар 2018 жылы екі жақты тасымалдарға және транзиттік жүріп өтуге арналған алдын ала рұқсаттама құжаттармен алмасуды қазақстандықтар үшін 12 250 дана көлемінде, ал германиялықтарға 6 мың дана көлемінде белгілеу жөнінде келісті. Үшінші елдерден/елдерге рұқсаттама құжаттарын екі тарапқа 1000 дана көлемінде берілетін болып келісілді», делінген хабарламада.
2017 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тасымал көлемі 2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 37,8 мың тоннаға, яғни 166 мың тоннадан 204 мың тоннаға дейін артқан. Негізгі тасымалданатын жүктер - көліктер, механизмдер мен жабдықтар, өсімдік өнімдері, химиялық өндіріс өнімдері жатады.