«Біздің жастарымыздың арасындағы ынтымақтастық мәселелері 15 жыл бұрын басталған. Бүгінгі кездесу ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығында өтіп отырғаны да үлкен мәнге ие», - деді Б.Жұмағұлов.
Министр жиналған қауымды Қазақстандағы жастар саясатының жағдайы туралы ақпараттандырды. Оның айтуынша, бүгінгі таңда елдегі 5 млн. адам немесе бүкіл халықтың 30 пайызы - жастар. Сондай-ақ білім және ғылым министрі Б.Жұмағұлов «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» бұрынғы Заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізетін жаңа жаңа жобасына да тоқталып өтті.
Министрдің ойынша, Германияның тәжірибесі өзінің тиімділігі мен шынайылығы арқылы қызығушылық тудырады. Мысалға, бүгінгі таңда Қазақстан кәсіби-техникалық білім беру саласында немістің басқару үлгісін енгізуде.
«Менің ойымша, кәсіби-техникалық білім беру саласындағы немістің басқару моделі өте қызықты, бұл үлгі бойынша студент уақытының жартысын теориялық білімге, ал қалған уақытын тәжірибелік сабақтарға жұмсайды. Жалпы алғанда, бұл өте оңтайлы үлгі, сондықтан біз бұл бағытта алға басып келеміз», - деді Б.Жұмағұлов.