Уағдаластық 4-6 сәуір күндері ҚР Бас Консулдығының қолдауымен ұйымдастырылған жұмыс кездесулері аясында бекітілді. Атап айтқанда, келіссөздер Гонконгтың бас ақпарат офицері Аллен Янг пен Гонконг Монетарлық басқармасының қаржылық технологияларға көмектесу Кеңсесінің басшылығы тарапынан жүргізілген.
Одан бөлек, Гонконгтың «Cyberport» IT-паркінің, Ғылыми-технологиялық парктер мен Гонконг азиялық-қаржылық технологиялар институтының өкілдерімен кездесу ұйымдастырылған.
Келіссөздер барысында қазақстандық делегация Гонконгтың мемлекеттік жеке және құрылымдарына ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік қызмет көрсетуін цифрландыру процесі бойынша Электронды коммерциялар орталығының қазіргі қызметі мен стратегиялық міндеттерін таныстырды.
Сонымен бірге, қазақстандық тарап Гонконгтың экономиканы цифрландыру, мемлекеттік органдар мен бизнестегі электронды қызметтермен және электронды коммерция, қаржылық технологиялар мен стартап-индустрияны дамыту қарқынымен таныс болды.
Гонконгтың бүгінде ірі стартап-орталық екенін және Азиядағы дамыған IT-индустриясы бар ел екенін ескере отырып, Қаржы министрлігі қызметкерлерінің ақпараттық технологиялар саласындағы кадрлық әлеуетін көтеру мақсатында қос тарап мемлекеттік қызмет көрсету, бейінді мамандар арасындағы байланысты орнату жүйесіне IT-тәжірибелерді енгізу мәселелері бойынша тәжірибе алмасуға уағдаласты.