Қазақстан мен Грекия арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 24 маусымда Қазақстан Елшісі Сергей Нұртаевтың Грекияның жаңадан тағайындалған Ішкі істер министрі Аргирис Динопулоспен кездесуі өтті, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Қазақстандық дипломат сұхбаттасушыны тағайындалуымен құттықтап, жақын болашақта болатын қазақстан-грек байланыстарының мазмұнын толтыру ұсыныстарымен бірге көші-қон ағымдарын басқару, республикалық және жергілікті деңгейдегі сайлауларды өткізу тәжірибесімен алмасу, жергілікті басқару органдарының қызметін үйлестіру саласындағы Қазақстан және Грекия арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Бұған қоса, С.Нұртаев грекиялық министрді «Қазақстан - 2050» стратегиясы, Қазақстан халқы әл-ауқатының өсу қарқыны, қазақстандық көші-қон саясаты мен сайлау жүйесі туралы ақпараттандырды.

Сұхбаттасушы өзара тиімді екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және тереңдетуге дайындығын білдіріп, бүгінгі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамудағы жетістіктерін атап өтті.

Тараптар қазақстан-грек ынтымақтастығының деңгейін жоғары бағалап, өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтуге ниет білдірді.