Қазақстан Республиасының елшілігі Иордандық Хашимит Корольдігі (ИХК) Парламенті Сенатында ҚР мен ИХК арасындағы достық комитетінің мүшелерімен бірлесіп дөңгелек үстел өткізді.
Нақтырақ айтқанда, кездесу барысында Қазақстан Республикасының ИХК-дағы Төтенше және Өкілетті елшісі Азамат Бердібай Сенат мүшелерімен бірге екіжақты қарым-қатынастың жарқын келешегін талқылап, Қазақстанның халықаралық маңызды басталамары туралы айтып берді. Оның айтуынша, Қазақстан мен Иордания тұрақты түрде әлемдік деңгейдегі мәселелерді талқылауда бір-біріне қолдау білдіріп келеді. Екі мемлекетке бірлесе жұмыс атқарудың арқасында халықаралық маңыздағы бірнеше мәселелерді реттеуге мүмкіндік туған. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Иордания корольі Абдалла ІІ ибн Хусейн әл-Хашими бір-бірінің еліне сапар шегіп тұрады. Сондай-ақ Мемлекет басшылары халықаралық конференциялардың әртүрлі алаңдарында кездесулер өткізіп келеді.
«Құрметті Абдалла ІІ Патшаның Қазақстан Республикасына 2017 жылы жасаған сапары айтарлықтай жемісті болды. Ол ядролық қарусыздандыру мен қауіпсіздікке үлес қосқаны үшін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сыйлығының алғашқы лауреаты болды. Осылайша, біздің Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Иордандық Хашимит Корольдігінің басшысының аймақтағы тұрақтылыққа жету және халықаралық деңгейде қауіпсіздікті қамтамасыз етуде жігері қаншалықты бағаланатынын көрсетті», - деп мәлімдеді Азамат Бердібай.
Қазақстан Үкіметі қос мемлекеттің екіжақты қарым-қатынасын жақсарту мақсатында бірқатар заң жобасын дайындап, кейін ол қабылданған болатын.
«Бірлескен ынтымақтастықтың маңызды салалары Терроризмен күрес тураы халықаралық конвенцияға, сот саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге байланысты. Қазіргі уақытта «жасыл» энергия мен екі елдің арасындағы тауар айналымы тұрғысында бірқатар келісімдерге қол қою бағытында жұмыс жүргізіліп жатыр», - деді Қазақстан елшісі «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісіне.
Азамат Бердібай атап өткенде,й экономикалық, сауда, мәдени және гумантитарлық өзара көмек көрсету бойынша Бірлескен комитеттің құрылуы екі мемлекет арасындағы ынтымақты қарым-қатынасты одан ары күшейте түсерлік негізгі күшке айналған. Аталмыш комитетте Қазақстан тарапынан уәкілетті орган ретінде ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі бекітілсе, Иордания тарапынан ИХК Өнеркәсіп және сауда министрлігі бекітілген.
Өз кезегінде иордандық Парламент депутаттары қазақстандық-иорданиялық қарым-қатынасқа өз бағасын берді. Иорданияның Парламент сенаторы Мунира Собраның пайымдауынша, қазақстандық-иорданиялық байланыстың көрсеткіштері басқа мемлекеттерге үлгі бола алады. Себебі, ИХК Корольінің өз еліндегі бизнесмендерді Қазақстанға бағыттап, қазақстандық бизнесмендермен байланыс орнатуды ұсынуы біздің ел тарапынан үлкен құрмет тудырып отыр.
«Қазақстан Республикасының Президенті иорданиялық-сириялық шекарадағы «Ан-Насыб» шекара өткелі ашық болған жағдайда өзара сауданы жақсартуға болатынын мәлімдеген еді. Қазіргі тада «Ан-Насыб» шынында да ашылар деген үміт басым бола түсті», - дейді иорданиялық парламентшілер.
Мунира Собраның айтуынша, Қазақстан мен Иордания әскери салада да, терроризмге қарсы күрес тұрғысында ынтымақтасып келеді.
«Алдағы уақытта да бұл серіктестіктің іргесі беки түсер деген сенімдемін», - дейді л.
Сонымен қатар, сенатор корольдіктің мәдени өміріндегі айтулы оқиға туралы да сөз қозғады. Себебі, Қазақстанның Халық әртісі Айман Мұсақожаева «Шабыт» домбыра ансамблі мен симфониялық оркестрінің қатысуымен 2018 жылдың сәуір айында Иорданияның бірнеше қаласын аралаған болатын.
«Қазақ ұлттық мәдени мерекелері иорданиялықтардың жүрегінің төрінен ерекше орын алды. Менің ойымша, өз мәдениеті мен өнерін осыншама ғашық ел қанша ғасыр өтсе де өзін-өзі сақтап қалуға қауқарлы», - дейді Мунира Собра.
Дөңгелек үстел барысында Азамат Бердібай қазақстандық-иорданиялық қарым-қатынас алдағы уақытта қалай өрістей түсетінін айтып берді.
«Әсіресе, экономика саласында байланысымыз беки түсер деген сенімдеміз. Қазақстан Президенті мен Иордания Корольінің арасындағы достық та бізді қанаттандыра түседі. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Абдолла ІІ Корольге көрсеткен құрметін де ерекше бағалаймыз», - деді иорданиялық-қазақстандық достық комитетінің төрағасы Айман Хатахат.