Қазақстан мен Иран өзара сауда-саттық айналымын 5 млрд. долларға дейін жеткізбек

None
АСТАНА. 27 маусым. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Әли Акбар Салехиді қабылдады.

Иран сыртқы саясат ведомствосы басшысының атап өтуінше, тараптар екі ел арасында өзара сауда-саттықтың көлемін 1,2 млрд-тан 5 млрд. долларға дейін ұлғайту мәселесін талқылаған.

Ол бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан Қазақстан-Иран сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссияның 12-ші отырысында мәлім етті.