Заң жобасы уағдаласушы тараптардың азаматтарын өздері азаматы болып табылатын мемлекетте жазасын одан әрі өтеу үшін беру мәселелерін реттеуге бағытталады. Бұл ретте тараптар сотталған адамдарды беруге қатысты бір-біріне барынша жәрдем көрсетуге міндеттенеді. Үкімді шығарушы мемлекет немесе үкімді орындаушы мемлекет бастамашы бола алады. Үкімді шығарушы мемлекет шығарған үкім орындаушы мемлекетте қатаңдатыла алмайды. Сонымен қатар, үкімді шығарушы мемлекет немесе оның келісімімен үкімді орындаушы мемлекет оған заңды негіздер болғанда рақымшылық жасауды, кешірім жасауды немесе жазаны жеңілдету жөніндегі өзге де шараларды қолдана алады.
Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жолданады.