Қазақстан мен Италия әуе ынтымақтастығын кеңейтуге ниетті

ҚР көлік вице-министрі Талғат Ластаев Neos әуе компаниясының Қазақстандағы өкілдігінің бас директоры және Италия-Қазақстан сауда қауымдастығының президенті Марко Береттамен кездесті. Kazinform бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: gov.kz

Тараптар Neos әуе компаниясының Қазақстан мен Италия арасындағы рейстерінің орындалуын  атап өтіп, екі ел арасындағы әуе қатынасы мәселелерін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша қос тарап әуе қатынасы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту жұмысын жалғастыруға келісті.