ҚР ҚМ баспасөз қызметінің мәліметінше, сапар бағдарламасына сәйкес, Қазақстан мен Италия қорғаныс ведомстволары басшыларының кездесуі жоспарланған. Кездесуде екіжақты әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты дамытудың басымдықтары талқыланбақ.
Келіссөздерде қарастырылатын мәселелердің бірі - Қазақстан мен Италияның қорғаныс саласындағы, оның ішінде қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықты нығайту болмақ.