ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім еткендей, тараптар Қазақстан Республикасы мен Израиль Мемлекеті арасында визасыз келісімге қол қою келешегінің мәселелерін талқылады.
«Келіссөздердің қорытындысы бойынша екі ел сарапшылары дайындаған Ұлттық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімнің жобасын талқылап, бекіту мақсатында консультациялар жалғастыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Еске салсақ, 2017 жылдың 1 қаңтардан бастап Қазақстан біржақты тәртіпте Экономикалық ынтымақтастық даму ұйымына мүше мемлекеттердің, соның ішінде Израиль азаматтары үшін визаларды алып тастады. Визаларды алып тастау туристік ағынның артуына септігін тигізді», - делінген СІМ мәліметінде.