АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Израиль мемлекетінің Сыртқы істер министрі Гидеон Саармен телефон арқылы тілдесті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Министрлер екіжақты ынтымақтастықты өзара тиімді дамыту перспективаларын, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.
Тараптар алдағы биік және жоғары деңгейдегі іс-шаралар кестесін келісті.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ермек Көшербаевтың Парижге ресми сапармен баруы мүмкін екенін жазғанбыз.
Абылайхан Жұмашев
1993 жылы 15 қарашада Атырау облысы Индер ауданында дүниеге келген.
Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының магистрі.