НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қорғаныс министрлігінде Халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының орынбасары полковник Валерий Вишникин Канаданың Ресей Федерациясы және Қазақстан Республикасындағы қоса атқарушы Әскери атташесінің орынбасары 2-дәрежелі капитан Рональд Готьемен кездесті. Бұл туралы ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Тараптар білім беру саласындағы ынтымақтастықтың даму көкжиегін, тілдік даярлық, бітімгершілік бөлімшелердің әлеуеті мен мүмкіндіктерін арттыру мәселелерін талқылады.
Қазақстан мен Канаданың әскери ынтымақтастығы бітімгершілік қызметке негізделген. Осы тұрғыда БҰҰ-ның бітімгершілік бастамаларын ілгерілетудегі Канаданың рөлін атап өткен жөн.