«Келісімге 2024 жылы 14 ақпанда Дохада қол қойылды. Ол екі тараптың құзыретті органдары арасындағы екі елдің аумағында анықталған адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту немесе сот үкімін орындау үшін экстрадициялау бойынша өзара қарым-қатынастарды реттеуге бағытталған. Шарт екі елдің қылмысқа қарсы күресіндегі ынтымақтастығының тиімділігін арттырады», - деді Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Снежанна Имашева палатаның жалпы отырысында.
Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Серік Ерубаев палатаның Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің құрамына сайланды.