АСТАНА. KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Қатар арасындағы қылмысқа қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы заңды қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Айта кетейік, заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Бұған дейін Ерлан Қарин Президентке ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша есеп бергенін жазған едік.
Айнұр Тумакбаева
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ түлегі. 2024 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.