Қазақстан мен Сербияның футбол клубтары бүгін, 2 шілдеде Еуропа Лигасының бірінші квалификациялық рауынды шеңберінде Сербия астанасы Белград қаласындағы «Райко Митич» стадионында кездесу өткізеді. Шаршы алаңға «Црвена Звезда» (Белград, Сербия) мен «Қайрат» (Алматы, Казахстан) шығады.
Тікелей эфирде Астана уақыты бойынша сағат 00.40-та командалар кездесуін «Қазақстан» ұлттық телеарнасы көрсетеді, ал 3 шілде күні «Қазспорт» телеарнасы ойынды тікелей эфирде көре алмаған футбол жанкүйерлері үшін 11.50 мен 19.00-де кездесуді екі рет қайталап көрсетеді.