Бұл туралы республикалық спорттық «Sports.kz» интернет-порталына «KAZспорт» телеарнасының директоры Диас Ахметшәріп хабарлады.
- Қазақстан құрамасының Ирландия құрамасымен қонақтағы матчы 15 қазанда өтеді, Астана уақытымен 00:45-те «Қазақстан» және «KAZспорт» біздің құраманың сырт алаңдағы жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді. Біз бұл ойынға құқықты сатып алдық және оны біздің жанкүйерлерімізге көрсетеміз,- деді Д.Ахметшәріп.