Қазақстан мен Кения президенттері Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралап көрді

АСТАНА. KAZINFORM - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Кения Президенті Уильям Руто Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барып, елдің басты технологиялық хабы саналатын кешеннің әлеуетімен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Фото: Ақорда

Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мемлекеттер басшыларына музей экспозициясы мен ЖИ-кинотеатрын көрсетіп, орталықтың ұзақмерзімді даму стратегиясы туралы мәлімет берді.

Фото: Ақорда

Президенттерге Astana Smart City жүйесі және оның бейнеталдау, қоғамдық қауіпсіздік, көлік ағыны мен қалалық қызметтерді онлайн режимде үйлестіру салаларындағы мүмкіндіктері баяндалды.

Осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Уильям Руто «Қазақстан-Кения» бизнес форумына қатысқан болатын.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда