«Отырыс аясында ҚР мен ҚХР үкіметтері арасында Қорғас өзеніндегі «Достық» бірлескен гидроторабының құрылысындағы ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойылды, гидроторап Алматы облысының Қытаймен шекаралас аумағында орналасатын болады. Құрылыс жұмыстары 2011 жылдың қаңтарында басталады, гидроторап құрылысын 2013 жылдың соңына дейін аяқтау көзделіп отыр», - деді М.Оразаев.
Құжатқа ҚР ауыл шаруашылық министрі Ақылбек Күрішбаев пен ҚХР су шаруашылығы вице-министрі Цзяо Юнның қолдары қойылды.
Бұл жобаны жүзеге асыру жөніндегі келісімге екі жыл бұрын қол жеткізілген, деп толықтырды М.Оразаев.
Оның айтуныша, 6 млн. АҚШ долларын құрайтын нысанның құрылысын қытайлық компаниялар іске асырса, жобаны Қазақстан мен ҚХР теңбе-тең қаржыландыратын болады.