Қазақстан мен Қырғызстан ақындары Еуропа төрінде айтысты
АСТАНА. KAZINFORM – Бауырлас елдердің өнерпаздары 17 мамыр күні Париждегі ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде сайысқа түсті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Айтыс – қазақ пен қырғыздың ежелден қалыптасқан суырып салып айтысатын жыр сайысы. Қазақтар домбырамен, қырғыздар комузымен айтысады.
Достастық кездесу 2015 жылы ЮНЕСКО-ның материалдық емес құндылықтарының тізіміне енген, екі елге ортақ теңдессіз өнердің 10 жылдығына орайы ұйымдастырылды.
Іс-шара қазақ және қырғыз тілдерінде өтті. «Айтыш Франс» қоғамдық қоры, «Аманат» саяси партиясы, Халықаралық айтыс, жыршы-термеші одағы, ЮНЕСКО жанындағы Қазақстан мен Қырғызстанның тұрақты өкілдері қолдау көрсетті.
2024 жылы Қазақстанда алғаш рет оқушылар арасында «Қола домбыра - 2024» атты республикалық жас ақындар айтысы ұйымдастырылды. Оған еліміздің аймағынан 12 мен 18 жас аралығындағы 22 өнерпаз қатысты.
Осыған дейін Қазақстан өкілдерінің Париж орталығында өткен халықаралық гастрономиялық фестивальге қатысқаны туралы жаздық.