Оның ақпаратынша, Кеңес Одағы кезінде жұмыс істеп, бірақ тәуелсіздік жылдарында түрлі себептермен тоқтап қалған Қаракөл-Алматы-Қаракөл халықаралық автобустары биылғы жылдың қыркүйек айынан бастап елдер арасында жыл бойына қатынай бастайды.
— Қазіргі уақытта Қырғызстанның Көлік министрлігі қазақстандық әріптестерімен келісілген автобус бағыттарын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, — деп атап өтті Асқат Алагөзов.
Бұған дейін 25 тамыздан бастап Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы «Қарқара-автомобиль» өткізу пункті тәулік бойы жұмыс режиміне көшкенін жазған болатынбыз.