Кездесуге екі елдің ғылыми ұйымдарының сарапшылары да қатысты.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сарапшыларды барлық қажетті материалдармен қамтамасыз ету және гидрологиялық және гидрогеологиялық бақылау жүргізу үшін жағдай жасау туралы келісімге келді.
Енді қазақстандық ғалымдарға Шу өзені бассейнінің гидрогеологиялық дерекқоры қолжетімді болады.
Сондай-ақ жұмыс топтарының басшылары Шу-2 айналма каналын салудың экожүйеге ықтимал әсерін зерттеу мақсатында қолдау көрсету үшін және сарапшыларды ұсыну үшін халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамына (GIZ) бірлескен өтініш хатқа қол қойды.
«Біз айналма канал құрылысының болжамды орнын қарастырдық. Бүкіл ықтимал әсерді жан-жақты зерттеу өте маңызды. Сол себепті халықаралық сарапшыларды тартуды жоспарлап отырмыз», - деді Су ресурстары және ирригация министрі.