Агенттік мәліметінше, келіссөздер барысында атом саласының әлеуетін дамыту, ғылыми-техникалық ынтымақтастық бағыттары, инновациялар және кадрлар даярлау мәселелері талқыланды.
— Тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін атап өтіп, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы бірлескен жұмысты кеңейтуге дайын екендіктерін растады, — делінген хабарламада.
Осыған дейін Атом электр станциясының ұлттық операторы ұғымы енгізілетінін жазған едік.
Сонымен қатар, Қазақстан атом энергетикасын дамыту аясында алғашқы станциялар үшін III буындағы заманауи реакторлық технологияларды қолдануды жоспарлап отырғаны хабарланды.