Қазақстан мен Қытай басшылары Астана мен Бейжіңдегі мәдени орталықтарды ашты
АСТАНА. KAZINFORM – Екі ел басшылары Қазақстанның Бейжіңдегі және Қытайдың Астанадағы мәдени орталықтарын салтанатты түрде ашты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Фото: akorda.kz
Бұл орталықтар екі мемлекеттің гуманитарлық ынтымақтастығын дамытудың жаңа кезеңіне жол ашады. Сондай-ақ достас екі ел халықтары арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға бағытталған түрлі мәдени шаралар, көрмелер, дәрістер мен шеберлік сабақтарын өткізуге арналған алаңға айналады.