Қазақстан мен Қытай шекара маңындағы табиғи өртпен күресте ынтымақтастықты нығайтты

АСТАНА. KAZINFORM — ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті Қазақстандағы Қытай Халық Республикасы елшілігінің өкілдерімен кеңесші Ли Ин және атташе Сю Цзяхуймен жұмыс кездесуін өткізді.

Фото: ТЖМ

Талқылаудың негізгі тақырыбы шекара маңындағы аумақтарда орын алған табиғи өрттерден болатын қауіп-қатерлер мәселелері бойынша ынтымақтастық болды.

Соңғы үш жылда шекара маңындағы аумақта сегіз өсімдік жануы орын алды, олар жедел іс-қимылдардың арқасында уақтылы сөндіріліп, Қытай шекарасына өтуге жол берілмеді.

ТЖМ мәліметінше трансшекаралық оқу-жаттығулар жалпы сәулет қауіпсіздігінің маңызды элементі ретінде біздің елдеріміздің төтенше жағдайлар ведомстволары арасындағы практикалық өзара іс-қимылды нығайтудың негізгі құралдарының бірі.

— Кездесу қорытындысы бойынша тараптар халыққа, инфрақұрылым объектілері мен экожүйелерге төнетін қатерді болдырмау мақсатында табиғи өрттерге уақтылы және үйлестірілген ден қоюдың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар бірлескен оқу-жаттығулар өткізуді қоса алғанда, өзара іс-қимыл форматтарын кеңейтуге дайын екендіктерін білдірді, — делінген министрлік хабарламасында. 

Айта кетелік Ертіс-Баян өңіріндегі кейбір орман шаруашылықтарында өртке қарсы техникалық мүмкіндіктер осал екендігі туралы жазған едік.