Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінді

Фото: Фото: oxu.az

АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылғы 27 мамыр күні таңертең Алматыдан 323 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болды.

Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ғылыми орталығының мәліметінше, Астана уақытымен сағат 08:40-та жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпуінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 323 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан. Магнитудасы — 4,4. Энергетикалық класы — K=9,5.

Қазақстан аумағында сезілгені жөнінде мәлімет жоқ. 

Айта кетелік Талдықорған маңында жер сілкінген еді