Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінді
21:36, 17 Қараша 2023
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі бүгін 17 қараша, сағат 18:41 кезінде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Каzinform.
Жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 305 шақырым жерде, Қазақстан мен Қытай шекарасында орналасқан.
Зілзаланың энергетикалық санаты — 9.1.
MPV магнитудасы — 4.3.
Жер сілкінісінің координаттары — 44.78° c.e. 80,03° ш. б.
Тереңдігі — 15 шақырым.
Сезілгені жайлы ақпарат жоқ.