Кездесудің негізгі мақсаты — екі университет арасындағы институционалдық әріптестікті нығайту, білім беру мен ғылым саласындағы бірлескен бастамаларды дамыту және ұзақ мерзімді академиялық байланыстарды қалыптастыру.
— Ынтымақтастықтың басым бағыттары қатарында профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту, қосдипломды білім беру бағдарламаларын іске асыру мүмкіндіктерін қарастыру, бірлескен ғылыми зерттеулер мен халықаралық жобаларды жүзеге асыру бар. Сондай-ақ журналистика, медиакоммуникация, цифрлық медиа, қоғамдық коммуникациялар және медиаконвергенция салаларындағы ғылыми әріптестікті кеңейту көзделеді, — делінген хабарламада.
Қытай коммуникация университетінің делегациясын Ақпарат және коммуникация мектебінің профессоры, Еуропалық медианы зерттеу орталығының директоры Чжао Жухань (ZhaoRuhan) және қауымдастырылған профессор Гань Лу (GanLu) бастап келеді. Делегация құрамында Медиа конвергенция және коммуникация мемлекеттік негізгі зертханасының докторанттары мен магистранттары да бар.
Меморандум екі университет арасындағы бірлескен білім беру және ғылыми-зерттеу жобаларын жүйелі түрде іске асыруға, академиялық алмасуды дамытуға, профессорлардың дәрістері мен ғылыми семинарларын ұйымдастыруға, сондай-ақ магистранттар мен докторанттардың бірлескен зерттеулеріне институционалдық негіз қалыптастырады.
Ресми кездесуден кейін профессор Чжао Жухань ЕҰУ-дың профессор-оқытушылар құрамы, докторанттары, магистранттары және студенттеріне дәріс оқиды.
Іс-шараға журналистика және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебінің деканы Куантаев Нуржан Куантайұлы да қатысады.
Жаңа келісім Қазақстан мен Қытайдың жоғары оқу орындары арасындағы білім, ғылым және академиялық алмасу салаларындағы байланысты нығайтып, екі университет арасындағы ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестіктің дамуына мүмкіндік береді.
Айта кетелік ҚазҰУ Кореяның ең беделді екі университетімен стратегиялық серіктестік орнатқан еді.