Келіссөз қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Конго Демократиялық Республикасының Президенті Феликс Чисекеди Бірлескен мәлімдеме қабылдады.
Бұдан бөлек дипломатиялық консультацияға, тау-кен және геология саласындағы ынтымақтастыққа қатысты ведомствоаралық құжаттарға қол қойылды.
Айта кетелік Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Конго Президентін қарсы алды.