Оның атап өтуінше, Конго Республикасының Президенті Дени Сассу-Нгессоны Қазақстанға ресми сапары аясында сауытты машиналар жасайтын отандық зауытқа барады.
«Бұл — барынша алдыңғы қатарлы өндіріс ошағы. Әрине, біз әскери-өнеркәсіп кешені мен қорғаныс секторындағы кооперацияны үнемі қолдаймыз. Сондықтан да осы мақсатта аталған кәсіпорынды және Қазақстанның әскери-өнеркәсіп кешені жұмысындағы мүмкіндіктерін көрсетеміз», — деді Қанат Шарлапаев.
Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Конго Республикасының Президенті Дени Сассу-Нгессоны Ақордада қарсы алды.